Accessibility links

Стокгольмдегі терактіге күдіктілердің бірі босатылды


Стокгольмдегі шабуыл жасалған орындағы өртенген жүк көлігі. Швеция, 7 сәуір 2017 жыл.
Стокгольмдегі шабуыл жасалған орындағы өртенген жүк көлігі. Швеция, 7 сәуір 2017 жыл.

Швеция билігі Стокгольмдегі терактіге қатысты іс бойынша ұсталған күдіктілердің бірін босатты. Күдікті өткен жексенбіде ұсталған еді.

Полиция мен арнайы қызмет терактіні ұйымдастырғандар мен олардың ықтимал сыбайластарын іздеп жатыр. Теракт жауапкершілігін әзірге ешкім мойнына алған жоқ.

7 сәуірде Стокгольмнің орталығында жүк көлігімен келген адам топ кісіні соғып өтіп, одан соң сауда үйінің ғимаратына соғылып, өртенген. Шабуылдан төрт адам қаза тауып, 15 адам жараланған. Көлікті Өзбекстаннан шыққан, Швецияда тұратын 39 жастағы Рахмат Акилов жүргізген. Ол кінәсін мойындап, қазір қамауда отыр. Тергеушілер Акиловтың "Ислам мемлекеті" экстремистік тобымен байланысы барын айтады.

XS
SM
MD
LG