Accessibility links

Астанада ҚХА-ның кезекті сессиясы басталды


Қазақстан халқы ассамблеясына 20 жыл толуына орай өткен мерекелік шарада жүрген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Ақмола облысы, 16 наурыз 2015 жыл (Көрнекі сурет).
Қазақстан халқы ассамблеясына 20 жыл толуына орай өткен мерекелік шарада жүрген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Ақмола облысы, 16 наурыз 2015 жыл (Көрнекі сурет).

Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы ассамблеясының (ҚХА) 25-сессиясы басталды. Сессияны президент Нұрсұлтан Назарбаев ашты. Сессия "Тұрақтылық, бірлік, келісім - модернизация негізі" деген тақырыппен өтіп жатыр.

Сессияға ассамблеяның Қазақстанның барлық өңірінен мүшелері мен ардагерлері, республикалық және аймақтық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялар мен діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары бар - жиыны мың жарымнан астам адам қатысып жатыр.

ҚХА 1995 жылы құрылған. Ассамблея президент жанындағы кеңес беруші орган саналады және оны президент басқарады.

XS
SM
MD
LG