Accessibility links

Қытай өзі құрастырған алғашқы авиа тасығышын теңізге түсірді


Қытайдың Далянь портында тұрған "Ляонин" авиа тасығышы (Көрнекі сурет).
Қытайдың Далянь портында тұрған "Ляонин" авиа тасығышы (Көрнекі сурет).

Қытай өзінде құрастырылған алғашқы авиа тасымалдағышын теңізге түсірді. Әскери кеме Қытайдың Оңтүстік Қытай теңізіндегі әскери қуатын күшейте түседі деген болжам бар. Әзірге атауы берілмеген, су сыйымдылығы 70 мың тонна болатын кеме бүгін Қытайдың солтүстік-шығысындағы Далянь провинциясынан теңізге шықты.

Төрт жыл бұрын құрастырыла бастаған авиа тасығыш крейсер 2020 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған еді. Крейсер теңізге АҚШ пен Солтүстік Корея арасындағы қарым-қатынас шиеленісіп, Тынық мұхитының батысында әскери кемелер саны артқан тұста түсіріліп отыр.

24 сәуірде Қытай президенті Си Цзиньпин АҚШ президенті Дональд Трамппен телефонмен сөйлесіп, Солтүстік Кореяға қатысты кикілжіңде тараптарды ұстамды болуға шақырған.

Қытайда бұған дейін Совет одағында жасалған бір ғана "Рига" крейсері болған еді. Бұл кеме Совет одағы ыдыраған соң Украинаның иелігіне өтіп, одан Қытай сатып алған. Пекин оны 2012 жылы қайта құрап, "Ляонин" деген атаумен пайдалануға жіберген.

XS
SM
MD
LG