Accessibility links

СҚО: Қызылжар ауданында су тасқынынан төтенше жағдай жарияланды


Солтүстік Қазақстан облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).
Солтүстік Қазақстан облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Солтүстік Қазақстан облысының (СҚО) Қызылжар ауданында төтенше жағдай жарияланды. Кеше Есіл өзенінің тасуынан Петропавл қаласында да төтенше жағдай жарияланған.

Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың сөзінше, өткен тәулікте Есіл өзеніндегі су деңгейі 30 сантиметрге көтеріліп, өзен арнасынан шыққан су тоғыз километрге дейін жеткен. "Петропавл қаласының Заречный, Былғары зауыты кенттері мен Қызылжар ауданының Тепличное және Прибрежное ауылдарында барлығы 171 үй мен ауланы су басты" деді әкім.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, су тасқынына байланысты 700-ден астам адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған. Облыстағы ірі Сергеев су қоймасында су деңгейі бүгін қалыпты деңгейден екі метрге асып кеткен.

Биліктің мәліметінше, Есіл өзеніндегі сыйымдылығы 693 миллион текше метр су сиятын Сергеев қоймасында қазір бір миллиард текше метрге жетерлік су бар.

XS
SM
MD
LG