Accessibility links

USCIRF: Ресей мен Пәкістан діни сенім бостандығын өрескел бұзып отыр


Ресейдегі "Иегова куәгерлері" діни орталығының кеңсесі, Санкт-Петербург (Көрнекі сурет).
Ресейдегі "Иегова куәгерлері" діни орталығының кеңсесі, Санкт-Петербург (Көрнекі сурет).

АҚШ-тың діни сенім бостандығы жөніндегі үкімет комиссиясы (United States Commission on International Religious Freedom - USCIRF) Ресейді "ерекше алаңдаушылық тудыратын ел" деп танып, "діни сенім бостандығын өрескел бұзатындар" санатына енгізуді ұсынды.

26 сәуірде жарияланған есепте Ресейді бірінші рет өзге 15 ел қатарында "ерекше алаңдаушылық тудыратын ел" ретінде тану ұсынылып отыр. USCIRF Ресейді 15 елден оның "діни сенім бостандығына қысым жасауды үнемі күшейткені" ғана емес, "репрессиялық саясатын көршілес елдер территориясына қолданғаны" да ерекшелейді деп, Ресейдің 2014 жылы Украинадан Қырым түбегін аннексиялап алғанын меңзейді.

Есепте сонымен қатар Ресейде 2016 жылы заңдарға "билік рұқсат етпеген діни әңгімелердің барлығына қылмыстық сипат таңатын" өзгерістер енгізілгені, осы айдың басында Жоғарғы соттың "Иегова куәгерлері" діни ұйымына тыйым салғаны айтылады.

Комиссия Ресеймен қоса Пәкістанды да "ерекше алаңдаушылық тудыратын ел" деп жариялауды ұсынады. Мұндай ұсыныс өткен жылы да жасалған еді, бірақ сол кездегі мемлекеттік хатшы Джон Керри ұсынысты қабылдамай қойған. АҚШ бұған дейін 10 мемлекет - Бирма (Мьянма), Қытай, Эритрея, Иран, Солтүстік Корея, Сауд Арабиясы, Судан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанды діни сенім бостандығын өрескел бұзатын елдер санатына қосқан.

XS
SM
MD
LG