Accessibility links

Назарбаев Шымкентте зиялы қауым өкілдерімен кездесті


Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысына жасаған сапарында кәсіпорын жұмысымен танысып тұр. Шымкент, 27 сәуір 2017 жыл.

Шымкентте бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары жалғасты деп хабарлайды Азаттық тілшісі. Назарбаев Шымкентке жұмыс сапарымен 26 сәуір күні кешке барған. Түске дейін президент облыстың зиялы қауым өкілдерімен кездесті.

Жиында Назарбаев оңтүстік өңірдің туристік мүмкіндіктері дұрыс пайдаланылмай жатқанын айтып, бұл мәселені облыс деңгейінде емес, республикалық деңгейде шешу қажетін жеткізді.

Назарбаев кездесуге дейін Шымкенттегі "Қазақ еліне мың алғыс!" деп аталатын монумент пен облыстық "Қазақстан халқы ассамблеясы" үйіне ашылуына қатысты. Президент сонымен қатар бау-бақша өсіру және жеміс-жидектер сақтаумен айналысатын DALA-FRUIT.KZ корпорациясына барып, жұмысымен танысты.

Президенттің облысқа жұмыс сапары бүгін аяқталады.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

XS
SM
MD
LG