Accessibility links

Мамайды қамауда ұстау мерзімін 10 маусымға дейін созды


Журналист әрі азаматтық белсенді Жанболат Мамай (оң жақта) сот залында тұр. Алматы, 31 наурыз 2017 жыл.

Алматының Медеу аудандық 2-соты журналист, "Трибуна. Саяси Қалам" газеті бас редакторының міндетін атқарушы Жанболат Мамайды қамауда ұстау мерзімін 10 маусымға дейін созды.

Сотқа Мамайдың ата-анасын ғана кіргізді, бірақ журналистерді және Мамайды қолдап келген белсенділерді жіберген жоқ.

Соттың кіреберісіндегі күзетшілер залға журналист Рысбек Сәрсенбай мен белсенді Асхат Берсәлімовті ғана жіберді. Күзетшілер сотқа журналистер мен басқа қолдаушыларды не үшін кіргізбейтіндерін түсіндірмеді. Жанболат Мамайдың адвокаты Жанар Балғабаева сот отырысы арасында сыртқа шығып, тыңдаудың жабық өтіп жатқанын айтты.

Оппозициялық "Трибуна. Саяси қалам" газетінің редакторы міндетін атқарушы 28 жастағы Жанболат Мамайды бұрынғы банкир Мұхтар Әблязовтің ұйымдастыруымен "БТА Банктен" ұрланған ақшаның бір бөлігінің ізін "Трибуна. Саяси қалам" газеті арқылы қаржылық операциялар жасап жасырған" деген күдікпен тергеп жатыр.

Ақпанның 11-інде сот шешімімен екі айға қамалған Мамай өзіне тағылған айыпты мойындамайды. 2009 жылдан бері Еуропада жүрген оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов айыптауды "абсурд" деп атап, Мамаймен ешқашан кездеспегенін мәлімдеген.

Наурыздың 31-і күні Медеу аудандық соты Мамайды 10 мамырға дейін қамауда қалдырған.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG