Accessibility links

Алматыда нөсер жауыннан бірнеше үйді су басты


Алматының Алатау ауданындағы су басып, қабырғасы құлаған үй (Көрнекі сурет).
Алматының Алатау ауданындағы су басып, қабырғасы құлаған үй (Көрнекі сурет).

Алматыда 27 сәуір күні түнде жауған нөсер жауыннан 11 жеке тұрғын үй мен 37 ауланы, жекеменшік балабақша мен дүкенді және тоғыз көшені су басты деп хабарлады ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті. Комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың жергілікті агенттіктерге хабарлауынша, Алатау ауданында саман кірпіштен салынған шағын үй құлаған.

Қазір құтқарушылар мен жергілікті атқару органдары су басқан үйлер мен аулалардан, көшелерден суды сорғызып шығарып жатыр.

Ресми мәлімет бойынша, су басудан құрбан болғандар мен жапа шеккендер жоқ.

Төтенше жағдайлар комитеті бұған дейін 28 сәуір мен 1 мамыр аралығында Алматы облысында нөсер болады деп ескерткен.

XS
SM
MD
LG