Accessibility links

Петропавл іргесінде мыңдаған саяжай учаскесін су басқан


Төтенше жағдай қызметкерлері су басқан Прибрежное ауылының жанында қайықпен қатынап жүр. Солтүстік Қазақстан облысы, 27 сәуір 2017 жыл.
Төтенше жағдай қызметкерлері су басқан Прибрежное ауылының жанында қайықпен қатынап жүр. Солтүстік Қазақстан облысы, 27 сәуір 2017 жыл.

Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзенінің тасуы салдарынан Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында 5 мыңнан астам саяжай учаскесін су басып қалды деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД).

Заречный, Былғары зауыт, Прибрежное және Тепличное аулдарынан 877 адам және 155 үй жануары шығарылған. Заречный кентінің тұрғындары азық-түлікпен қамтамасыз етіліп жатыр. Көшіру шараларына 574 адам, 90 техника және 12 жүзу құралы жұмылдырылды.

ТЖД су тасқынына байланысты Қызылжар ауданының жанында Есіл өзенінің суы Пестрое көліне аға бастағанын, салдарынан Тепличное ауылындағы су дейгейінің көтерілу қаупі туындағанын айтады. Төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында ауыл маңына төтенше жағдай, ішкі істер департаментінің, жергілікті полицей қызметі, Астана қаласындағы "Орталық аймақтық аэромобильді жедел-құтқару жасағы", Ұлттық гвардияның 6637 әскери бөлімінің мамандары мен жергілікті атқарушы органдардан 408 адам және 50 техника жеткізілген.

XS
SM
MD
LG