Accessibility links

Ауғанстанда америкалық екі сарбаз қаза болды


Нангархар уәлаятында ИМ-ге қарсы операция жүргізіп жатқан АҚШ әскерилері. Ауғанстан, 11 сәуір 2017 жыл.
Нангархар уәлаятында ИМ-ге қарсы операция жүргізіп жатқан АҚШ әскерилері. Ауғанстан, 11 сәуір 2017 жыл.

Ауғанстанның Нангархар уәлаятында "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымымен байланысы бар топ мүшелерімен ұрыста америкалық екі сарбаз оққа ұшты. Пентагонның баспасөз хатшыс капитан Джефф Дэвистің мәлімдеуінше, сарбаздар Ауғанстан мен Пәкістанда әрекет ететін "Ирак және Шам ислам мемлекеті Хорасан" тобына қарсы операция кезінде қаза тапқан.

Нангархарда содырлар үкімет әскері мен оларға жәрдемдесіп жүрген америкалық әскерилерге қарсы соғысып жатыр. 13 сәуірде АҚШ бұл аудандағы ИМ содырлары пайдаланатын жерасты үңгірлері мен туннельдері кешеніне аса қуатты бомбасын тастаған. Бомбадан 100-ге тарта содырдың көзі жойылған.

CNN-нің мәліметінше, құрбан болған америкалық әскерилер арнайы мақсаттағы жасақ сарбаздары болған. Ұрыста тағы бір сарбаз жараланған. Пентагонның мәлімдеуінше, әскерилер ауған әскерімен бірлесе арнайы операция жүргізген кезде қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG