Accessibility links

Мәскеу мэриясы 6 мамырда қала орталығында акция өткізуге келісті


Мәскеудің Болотный алаңындағы оппозиция шеруі. 6 мамыр 2013 жыл.
Мәскеудің Болотный алаңындағы оппозиция шеруі. 6 мамыр 2013 жыл.

Мәскеу мэриясы оппозицияның 6 мамырда академик Сахаров даңғылында өткізуді жоспарлаған қарсылық акциясын мақұлдады деп хабарлады ұйымдастырушылардың бірі Александр Рыклинге сілтеме жасаған "Интерфакс" агенттігі.

Акцияны "Гражданская инициатива", "Яблоко", "ПАРНАС" және басқа да партиялар мен қозғалыстар ұйымдастырып жатыр. Ұйымдастырушылар акцияға қатысатындар "репрессия мен бассыздыққа" қарсылық танытады дейді. Демонстрацияға шамамен он мыңға тарта адам қатысуы мүмкін.

Оппозиция өкілдері әуелде Октябрьский көшесінен Болотный алаңына дейін шеру өткізуге өтініш берген. Бірақ қала билігі бұл ауданда 9 мамырда Қызыл алаңда өтетін әскери парадқа дайындық жүреді деп, өтініштен бас тартқан. Мэрия акцияны қаланың шет аймағында өткізуді ұсынған.

XS
SM
MD
LG