Accessibility links

Зарина Дияс Қытайдағы жарыстың финалына шықты


Зарина Дияс.
Зарина Дияс.

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Қытайдың Аньнин қаласында ITF (Халықаралық теннис федерациясы) ұйымдастырып жатқан турнирдің финалына шықты.

Ол жартылай финалда австралиялық Арина Родионованы (әлемдік рейтингте 198-орында) 6:2, 6:3 есебімен жеңді. Дияс финалда Қытай спортшылары Чжэн Сайсай мен Ян Чжаосюнь арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.

Зарина Дияс 2016 жылдың ортасында қолына операция жасатып, біраз жарыстарға қатыса алмаған. Осыдан соң әлемдік рейтингте 34-орыннан 280-орынға дейін төмендеп кеткен. Сәуірдің басында Дияс Қытайдың Наннин қаласындағы ITF жарыста жеңіске жетіп, қазір WTA рейтингінде 187-орын тұр.

ITF әлемдік рейтингте төмен тұрған теннисшілерге ұпай жинауға мүмкіндік беретін турнирлерді көптеп ұйымдастырады. ITF жарыстары арқылы рейтингте көтерілген спортшылар деңгейі жоғары WTA турнирлеріне шақырту алады.

XS
SM
MD
LG