Accessibility links

БАҚ: Франция футболдан әлем чемпионатын Ресейде өткізуді тексеріп жатыр


Ресейде 2018 жылы өтетін футболдан әлем чемпионатының логотипі (Көрнекі сурет).
Ресейде 2018 жылы өтетін футболдан әлем чемпионатының логотипі (Көрнекі сурет).

Франция прокуратурасы футболдан 2018 және 2022 жылдардағы әлем чемпионаттарын өткізу құқығын Ресей мен Катарға беру шешімінде заң бұзушылық болған, я болмағанын тексеріп жатыр деп хабарлады БАҚ.

Associated Press және Reuters агенттіктерінің Франция билігіндегі дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлауынша, Францияның экономикалық қылмыстарды тергеумен айналысатын қаржы прокуратурасы алдын ала тергеуді өткен жылы бастаған.

Дереккөздері прокурорлар ықтимал заң бұзушылықтар, оның ішінде коррупция, астыртын сөз байласу және ықпал ету әрекеттерін тексеріп жатыр дейді. Швейцария прокурорлары 20 сәуірде Халықаралық футбол федерациясының (FIFA) бұрынғы басшысы Зеп Блаттерді 20 сәуірде Францияның екі судьясының көзінше тергеген.

Швейцария билігі 2015 жылы 2018 және 2022 жылғы чемпионаттар өтетін елдерді белгілеуге қатысты қылмыстық іс қозғаған, қазір дұрыс басқармау және қаржының ізін жасыру күдігімен тергеу жүргізіп жатыр.

2018 және 2022 жылдардағы әлем чемпионаттарын қай елдердің өткізетіні 2010 жылы желтоқсанда FIFA атқару комитетінің Цюрихте өткен дауыс беру кезінде анықталған.

Ресей мен Катар чемпионат өткізу құқығын жеңіп алуда заң бұзушылық болғанын терістеген. Бұған қоса FIFA өзі жүргізіп, 2014 жылы аяқтаған тергеуінде екі елді чемпионатты өткізу құқығынан айыруға еш негіз жоғын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG