Accessibility links

Ресейде Pokemon Go! ойнаған блогерді 3,5 жылға соттауды сұрады


Руслан Соколовский, ресейлік блогер.
Руслан Соколовский, ресейлік блогер.

Ресейде сот Екатеринбург қаласында шіркеуде Pokemon Go! ойынын ойнаған блогер Руслан Соколовскийді үш жарым жылға соттауды сұрады. Екатеринбургтің Верх-Исетский аудандық сотында өткен тыңдауда прокурор блогер "шартты жаза кесілсе өзін жазадан сытылып кеткендей сезінетіндіктен" оған бас бостандығынан айыру жазасын сұрағанын айтты. Соколовскийдің адвокаты Алексей Бушмаков блогерді кінәсіз санайды.

Сот блогерді дін ұстанушылардың сезімін қорлады деп айыптайды. Ол сонымен қатар "патриарх Кириллдің мәлімдемелері оның шынайы өмір сүру образына сай келмейді" деген пікірі үшін "дінбасыға деген жеккөрініштілік тудырды" деп айыпталып отыр.

Руслан Соколовский 2016 жылы әлеуметтік желіде Екатеринбургтегі храмда смартфонына орнатылған Pokemon Go! ойынын ойнағаны туралы видео жариялаған соң ұсталған. Ол үйқамаққа алынғанға дейін абақтыда қамауда отырған. Ол абақтыда өзіне қысым жасалғанын мәлімдеген.

"Мемориал" құқық қорғау орталығы Соколовскийді саяси тұтқын деп таныған.

XS
SM
MD
LG