Accessibility links

Шымкентте бір адам өрттен мерт болды


Өртенген үй. (Көрнекі сурет)
Өртенген үй. (Көрнекі сурет)

Бүгін Шымкент қаласында тұрғын үйде өрт шығып, онда қалып қойған зейнеткер қайтыс болды деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің маманы Зарипа Тұрысбекованың айтуынша, өрт таңғы сағат жетілер шамасында Морис Торез көшесіндегі жеке тұрғын үйлердің бірінде шыққан.

«36 шаршы метрлік жеке тұрғын үйде шыққан өрттен 1940 жылы туған әйел адам қайтыс болды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр» дейді ол.

Өртті сөндіру үшін төрт техника мен 21 адам жұмылдырылған.

XS
SM
MD
LG