Шымкент қаласында жиырмаға жуық белсенді тұрғындарға Екінші дүниежүзілік соғыстағы совет әскері жеңген күн – 9 мамыр мейрамына арналған лента таратып, акция өткізді.
Акцияны ұйымдастырушылардың бірі, «Ағартушы» қоғамдық қозғалысының төрағасы Өмір Шыныбекұлының айтуынша, қазір сол соғыстағы совет әскері жеңісінің рәмізі ретінде көрініп жүрген Георгий лентасының Екінші дүниежүзілік соғысқа еш қатысы жоқ.
«Біз таратып отырған лентаның түсі – байрағымыз секілді көк түстес. Қазақтың өю-өрнегімен өрнектелген. Дөңгелек таңбада «9 мамыр» деп жазылған. Бұл Жеңіс күнін аңғартады» дейді ол.
Белсенділер шара 9 мамырға дейін жалғасатынын айтады.