Accessibility links

Рим папасы: Құдайдың атымен зорлық-зомбылық жасауға болмайды


Рим папасы Франциск Фьюмичино әуежайынан Египетке ұшар алдында қол бұлғап тұр. Рим, 28 сәуір 2017 жыл.
Рим папасы Франциск Фьюмичино әуежайынан Египетке ұшар алдында қол бұлғап тұр. Рим, 28 сәуір 2017 жыл.

Рим папасы Франциск әлемдегі барлық діндердің жетекшілері зорлық-зомбылық пен өшпенділікті қоздыратын діни экстремизмге бірлесе тізе қосып, қарсы тұруы керек деп мәлімдеді. Бұл туралы ол жұма күні Египетке екі күндік жұмыс сапарымен келгенде айтқан.

Каир қаласындағы баспасөз мәслихатында, ислам істері жөніндегі жоғарғы кеңесте сөйлеген сөзінде Франциск «Құдайдың атымен ешқандай зорлық-зомбылық жасауға болмайды» деп мәлімдеген.

Ватикан басшысының Египетке сапарының негізгі мақсаты – католиктер мен мұсылмандар арасындағы жағдайды жақсартуды көздейді.

Египетте сәуірдің 9-ы күні христиан шіркеулеріне қарсы жасалған бірнеше шабуылдан 45 адам қаза тапқаннан кейін, билік 10 сәуірден бастап елде төтенше жағдай режимін енгізген.

XS
SM
MD
LG