Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін елге жұмыс сапарымен келген Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевпен Оңтүстік Қазақстан облысында кездесті деп хабарлайды «Қазақпарат» агенттігі. Кездесуде өзбек президентінің биыл наурызда Қазақстан астанасына мемлекеттік сапары барысында жасалған келісімдерді іске асыру мәселелері талқыланды делінген ақпаратта.
Қазақстан президенті өткен кездесуден бері екі ел арасындағы іскерлік белсенділік артып отырғаны байқалады деп мәлімдеген. Мәселен, өз сөзінде ол көлік-логистика саласы, автоөнеркәсіп пен аймақтық ынтымақтастықты атап өткен. Биылғы жылғы алғашқы үш айда тауар айналымы 37 пайызға өсті деп мәлімдеген Назарбаев. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевта екі ел арасындағы ынтымақтастық нығайып келе жатыр деп мәлімдеген.