Accessibility links

Алматыда лайдан тазартуға ұлттық гвардия мен шекарашыларды салды

Алматыда нөсер жауын салдарынан жүрген лай көшкінінен жолдарды, көшелер мен үй аулаларын тазарту жұмыстарына ұлттық гвардия мен шекарашы әскерилер жұмылдырылды. 29 сәуір 2017 жыл. (Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің суреті.)

Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы Қалқаман шағын ауданындағы үй аулалары мен көшелерді нөсер жауын салдарынан болған тасқында жүрген лай көшкінінен тазарту жұмыстарына Қазақстан ішкі істер министрлігі ұлттық гвардиясының азаматтық қорғаныс полкының 110 сарбазы және Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі әскери бөлімінің 56 қызметкері жұмылдырылған. Бұл туралы Алматы қаласы бойынша төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Ақпаратта қазіргі кезде төтенше жағдай департаменті, Алматы қаласының құтқару қызметі және қаладағы аудандық әкімдіктер қызметкерлері қаланың барлық аудандарында жолдарды, көшелерді, үйлер мен аулаларды, жертөлелерді тазартумен айналысып жатқаны айтылған.

Сәуірдің 27-інен бүгінге дейін төтенше жағдайлар департаментінің «112» кезекші бөліміне 81 қала тұрғынынан өтініш түскен. 23 жеке меншік үй, 48 үй маңындағы жер телімі және 10 көшені су басып қалған. Тасқын салдарын жою жұмыстарына 540 адам мен 68 техника жұмылдырылған деп хабарлайды Алматының төтенше жағдайлары қызметі.

XS
SM
MD
LG