Accessibility links

Қырғызстан билігі көшкін салдарынан 24 адам қаза болғанын хабарлады


Қырғызстандағы көшкін жүрген Аюу ауылы. Өзген ауданы, Ош облысы, 29 сәуір 2017 жыл.
Қырғызстандағы көшкін жүрген Аюу ауылы. Өзген ауданы, Ош облысы, 29 сәуір 2017 жыл.

Қырғызстан төтенше жағдайлар министрлігі Ош облысы Өзген ауданы Зергер ауылдық округіндегі Аюу ауылында 24 адам көшкін астында қалып, мерт болғаны туралы хабарлады. Оқиға болған жерде іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Аюу ауылындағы қауіпті аумақтан 40 отбасыны көшіру шаралары жүргізіліп жатыр деп хабарлады Азаттықтың Қырғыз қызметі. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, қаза тапқандардың туыстарынан үш адам Өзген қаласындағы ауруханаға жатқызылған.

Сәуірдің 29-ы күні таңертең Аюу ауылында көлемі шамамен бір миллион текше метрді құрайтын көшкін жүріп, 24 адаммен қоса жеті үйді тас-топырақ басып қалған. Аюу ауылындағы қайғылы оқиғаға байланысты Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев үндеу жасаған.

XS
SM
MD
LG