Accessibility links

30 сәуір Қырғызстанда аза тұту күні болып жарияланды


Қырғызстандағы көшкін жүрген Аюу ауылы. Ош облысы, 29 сәуір 2017 жыл.
Қырғызстандағы көшкін жүрген Аюу ауылы. Ош облысы, 29 сәуір 2017 жыл.

Қырғызстанның Ош облысында көшкін салдарынан көп адамның қаза болуына байланысты президент Алмазбек Атамбаевтың жарлығымен 30 сәуір елде ұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Жексенбі күні бүкіл ел көлемінде және дипломатиялық өкілдіктер ғимараттарында Қырғызстан мемлекеттік туы төмен түсіріліп, ойын-сауық шаралары өткізілмейді, телерадио арналарынан көңілашар хабарлар берілмейді.

Сонымен бірге Атамбаев үкіметке жергілікті өзін өзі басқару органдарымен бірлесіп құрбан болғандардың отбасыларына қажетті жәрдем көрсетуді тапсырған.

Сәуірдің 29-ы күні таңертең Ош облысындағы Аюу ауылында көлемі шамамен бір миллион текше метрді құрайтын көшкін жүрген. Тас-топырақ астында қалған жеті үйдегі 24 адам түгел опат болған.

XS
SM
MD
LG