Accessibility links

ЕО саммитінде Brexit туралы келіссөз стратегиясы мақұлданды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Брюссельде сенбіде өткен саммитте Еуропа Одағына мүше 27 елдің лидерлері одақ құрамынан Ұлыбританияның шығуы (Brexit) туралы келіссөздер стратегиясын бірауыздан мақұлдады.

«Жоспар бекітілді, келіссөз жүргізу үшін әділетті саяси мандат дайын» деп мәлімдеген Еуропалық кеңес төрағасы Дональд Туск.

Саммитке қатысушылар сонымен бірге Ұлыбританиямен жаңа сауда келісімін талқылауды тек Лондон Еуроодақтың азаматтар құқықтарына қатысты қойған барлық талаптарды ескеруге келісіп, Brexit жөнінде заң қабылдағаннан кейін және Солтүстік Ирландиямен мәселені шешкен соң ғана бастау туралы уағдаласқан.

Әңгіме Ұлыбританияда тұрып жатқан үш миллион Еуроодақ азаматтары және Еуропа Одағында тұратын миллион британдықтар, оларды әлеуметтік қорғау, зейнетақы және медициналық сақтандырумен қамтамасыз ету мәселелері жайлы болып отыр. Ал Ұлыбритания провинциясы Солтүстік Ирландия егер Ирландия республикасына қосылған жағдайда Еуроодақ оны ұйым құрамында қалдыруға міндеттеме алады.

XS
SM
MD
LG