Accessibility links

СҚО-да тасқын қаупіне байланысты төрт ауылдан тұрғындар көшірілген


Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданында тасқын қаупіне байланысты төрт ауылдың тұрғындары көшірілді деп хабарлайды Қазақстан ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасаған Tengrinews сайты.

Иманқұловтың айтуынша, Есіл өзенінде су деңгейі көтеріліп, тасқын қаупі төнуіне байланысты Большая Малышка, Барневка, Ольшанка және Долматов ауылдарынан тұрғындар мен малды қауіпсіз жерге көшірген.

Бұған дейін төтенше жағдайлар комитеті Солтүстік Қазақстан облысында биыл су деңгейінің көтерілуі соңғы 23 жылдағы рекордтық көрсеткішке жеткені туралы хабарлаған. Облыста қазіргіге ұқсас су тасқыны 1994 жылы тіркелген.

Биылғы көктем кезінде Қазақстанның бірнеше облысында тасқын салдарынан ондаған елді мекенді су алды. Мыңдаған үй су астында қалып, мыңдаған адам көшірілді. Тасқын болған аудандарда бірнеше адам қазаға ұшырады.

XS
SM
MD
LG