Accessibility links

Олланд француздарды президент сайлуында Макронды қолдауға шақырды


Франция президенттігіне кандидат Эммануэль Макрон.

Франция президенті Франсуа Олланд ел азаматтарын мамырдың 7-інде өткелі отырған президент сайлауының екінші турында Эммануэль Макронды қолдап дауыс беруге шақырды.

Сенбі күні Брюссельдегі Еуропа Одағы саммиті кезінде журналистермен болған әңгімеде Олланд алдағы сайлау күні әсіре ұлтшылдар жетекшісі, Еуроодаққа жан-тәнімен қарсы Марин Ле Пенге емес, оның бәсекелесі, еуропалық интеграцияны қолдайтын центрист саясаткер Макронға қолдау көрсету – әр сайлаушының Франция мен Еуропаның алдындағы борышы деп мәлімдеген.

Әлеуметтік сауалнаманың соңғы мәліметтері бойынша, сайлаушылардың 60 пайыздайы Макронға қолдау білдіріп, шамамен 40 пайызға жуығы Ле Пенді жақтаған. Әйткенмен Ле Пеннің рейтингі апта ішінде 5 пайызға көтерілді дейді бақылаушылар.

Сенбі күні Марин Ле Пен президент сайлауында жеңіске жетсе премьер-министр қызметіне президенттікке бұрынғы кандидат, ұлтшыл әрі евроскептик Николя Дюпон-Эньянды тағайындайтыны туралы мәлімдеген. Дюпон-Эньян сәуірдің 23-і күні өткен сайлаудың алғашқы турында сайлаушылардың 4,7 пайызының қолдауына ие болған еді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG