Accessibility links

Мәскеуде Қырымдағы саяси тұтқындарды қолдау акциясы өтті


Ресей билігі қудалаған Қырым татарларын қолдау акциясына қатысушылар. Мәскеу, 30 сәуір 2017 жыл.
Ресей билігі қудалаған Қырым татарларын қолдау акциясына қатысушылар. Мәскеу, 30 сәуір 2017 жыл.

Мәскеуде бүгін азаматтық белсенділер Ресей аннексиялап алған Қырым түбегіндегі саяси тұтқындарды қолдап пикет өткізді. Олар Ресейде қызметіне тыйым салынған «Хизб ут-Тахрир» тобының мүшесі деп айыпталған Арсен Жепаровқа қолдау білдірді. Қазір Симферополь қаласындағы тергеу абақтысында отырған Жепаровтың денсаулығы нашарлаған, бірақ түрмеде оған дәрігерлік көмек көрсетілмейді.

Пикетке қатысушылар Қырым татарларын қудалау проблемасына әлемдік баспасөз құралдары жеткілікті назар аудармай отырғанына қынжылыс білдірді. Былтыр Ресей билігі «Хизб ут-Тахрир» ұйымына қатысқан деген айыптау бойынша 20-дан астам іс қозғаған. Қырымда әлгі істер бойынша 19 адам тергеуге алынған.

XS
SM
MD
LG