Accessibility links

АҚШ-тың Техасында торнадо бірнеше адамды мерт қылды


Торнадо. (Көрнекі сурет.)
Торнадо. (Көрнекі сурет.)

АҚШ-тың Техас штатында сенбі күні кешке өткен бірнеше жойқын торнадо салдарынан бес адам қаза тауып, зардап шеккен ондаған адам ауруханаға түскен. Алапат дауыл Техас штатындағы бірнеше елді мекенде ойран салған: үйлер қирап, ағаштар түбірімен қопарылған, электр және телефон байланысы желілері үзіліп, автокөліктер аударылып қалған.

Далластан жүз шақырымдай қашықтықтағы Кантон қаласында дауыл кесірінен қойма бүлініп, химикат заттар тараған.

Техас штатында қатты дауыл жиі болып тұрады.

XS
SM
MD
LG