Accessibility links

АҚШ пен Солтүстік Кореяны тайталасты доғаруға шақырған


Солтүстік Кореяның әскери техникасы. 26 сәуір 2017 жыл.
Солтүстік Кореяның әскери техникасы. 26 сәуір 2017 жыл.

Филиппин президенті Родриго Дутерте АҚШ пен Солтүстік Кореяны «ядролық құрдым шетінен шегінуге» шақырған Қытайдың үндеуіне қосылатынын мәлімдеді.

Дутерте Жапония премьер-министрі Синдзо Абэнің Пхеньян "арандату әрекеттерін" тыймайынша тайталасты басуға бағытталған келіссөз нәтиже әкелмейді деген сөзімен келісетінін айтқан. Абэнің сөзінше, Солтүстік Кореяның зымыран жобалары "үлкен қатер" төндіріп отыр.

Бұған дейін Египетке сапар шеккен Рим папасы Франциск ұшақта берген жарты сағаттық баспасөз мәслихаты кезінде АҚШ пен Солтүстік Кореяны "адамзат болашағы" үшін Корей түбегіндегі шиеленістің қарулы қақтығысқа ұласуына жол бермеуге шақырған.

XS
SM
MD
LG