Accessibility links

Пентагон: ИМ тобына қарсы операцияларда 352 бейбіт тұрғын қаза тапты


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

АҚШ қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, Сирия мен Иракта «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына қарсы Құрама Штаттар бастаған шетелдік коалиция күштерінің әскери операциясы басталғалы бері олардың соққысынан 352 бейбіт тұрғын қаза тапқан. Тәуелсіз ұйымдардың бағалауы бойынша құрбан болғандар саны бұдан да көп: Airwars тобы шабуылдар барысында үш мыңнан астам мерт болған деп хабарлаған.

«Біз бейбіт тұрғындардың өмірі абайсызда қиылғанына өкінеміз... олардың отбасыларына және әуе шабуылдарынан зардап шеккен өзге адамдарға қатты қайғырып көңіл айтамыз» делінген Пентагонның мәлімдемесінде. АҚШ әскери басшылығы әр операция барысында «мүмкіндігінше барлық сақтық шаралары қабылданды» дейді.

АҚШ әскери күштері «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына қарсы операциясын 2014 жылы тамызда бастаған.

XS
SM
MD
LG