Accessibility links

Польшада "Донбастағы соғысқа қатысушы" ұсталған


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Польша шекарасындағы Дорогуск қаласында Украинаның шығысындағы жанжал аймағына бара жатқан деген жорамалмен Австрияның 25 жастағы азаматы ұсталған. Бұл адам Донбастағы соғыс кезінде қарусыз тұтқындарды өлтіруге қатысы болуы мүмкін деген күдікке ілінген. Австрияның АРА агенттігінің хабарлауынша, күдікті Украина қарулы күштері қатарында соғысқа қатысқан. Австрия азаматына «қарсылас жақтың өз еркімен берілген сарбаздарын» өлтірген деген айып сырттай тағылған.

Бұған дейін Австрия билігі аты-жөні аталмаған 25 жастағы ер адамды тұтқындау туралы еуропалық ордер шығарған. Күдіктіні экстрадициялау мәселесін шешуге қанша уақыт кететіні туралы әзірше ақпарат жоқ.

XS
SM
MD
LG