Accessibility links

Швейцариялық альпинист Ули Штек Эвересте қаза тапты


Джомолунгма (Эверест) тауы.
Джомолунгма (Эверест) тауы.

Швейцариялық альпинист Ули Штек Эверст тауының басына шығуға дайындық кезінде қазаға ұшыраған. Таудан табылған марқұмның сүйегін Непал астанасы Катмандуға тікұшақпен жеткізген. Альпинист тау шыңына өзімен бірге оттегі балонын алмай шығуды жоспарлаған. Непал альпинизм федерациясының болжамы бойынша, Штек тауға өрмелеген кезде тайып кетіп, мерт болған болуы мүмкін.

Сәрсенбі күні ол Facebook әлеуметтік желісіндегі парағында тәулік ішінде лагерь орналасқан базадан 7 мың метр биіктікке көтеріліп, қайта оралғаны туралы жазған еді. Ол осылайша «белсенді бейімделу» үлкен шыңға өрмелеуге жақсы дайындық деп санайтынын айтқан.

Бұған дейін, 2012 жылы Ули Штек Эверестің басына оттегісіз өрмелеп жеткен, ал 2015 жылы екі айдың ішінде биіктігі 4 мың метрден асатын 80 шыңға шыққан деп хабарлайды ВВС.

Штек шың басына классикалық маршрутпен жалғыз өзі жылдам жетуден бірнеше рекорд орнатқан. Оның саяхатының негізінде шытырман оқиғалы фильмдер де түсірілген. Жаттығу әдісі мен асқан шыдамдылығына байланысты Ули Штекті «швейцарлық машина» деп атап кеткен.

XS
SM
MD
LG