Accessibility links

Италия экс-премьері Маттео Ренци билік партиясын басқарады


Маттео Ренци.
Маттео Ренци.

Италияның бұрынғы премьер-министрі Маттео Ренци биліктегі Демократиялық партия жетекшілігіне қайта келді. Ол бұл қызметтен биыл ақпанда кеткен.

Оның алдында, 2016 жылғы желтоқсанда Ренци Италия конституциясына өзгерістер енгізу жайлы бастамасы референдумде қолдау таппаған соң премьер-министр қызметінен отставкаға кеткен. Ол басқарған кабинет Конституцияға үкіметтің өкілеттігін кеңейтіп, сенаттың құзырын шектейтін, соның ішінде, мәселен, сенатты үкіметке сенімсіздік таныту құқынан айыру туралы өзгерістер енгізуді ұсынған.

Енді билік партиясы басшылығына қайта оралған Маттео Ренцидің алдында 2018 жылдың басында өтуі тиіс парламент сайлауында жеңіске жету міндеті тұр.

Алайда, әлеуметтік зерттеулер нәтижесі бойынша, Италияда Ренциді қолдайтындар саны бұрынғыдан азайған: 25 пайыз шамасында. Үш жыл бұрын ол үкімет басына келгенде оны қолдаушылар саны бұдан екі есе көп болған деп хабарлайды германиялық Dewsche Welle ақпарат құралы.

XS
SM
MD
LG