Accessibility links

Назарбаев қазақстандықтарды халық бірлігі күнімен құттықтады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел тұрғындарын 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтады. Оның мәтіні бүгін президенттің ресми сайтында жарияланды.

«Біздің барлық жетістіктеріміз бен жеңістеріміздің мызғымас тұғыры – татулық пен тұтастық. Түрлі ұлт өкілдері бір шаңырақтың, бір тудың астынан табылып, бүгінгідей еңселі ел, іргелі мемлекет атандық» делінген құттықтауда.

Назарбаев түсіністік пен тұрақтылық – әрбір азамат атсалысып, әркімнің үлес қосуын талап ететін қастерлі құндылық екенін атап өткен.

«Қоғамымызда қазіргі кезде қолға алынып жатқан жүйелі жаңғыру үрдістері бірлігіміздің нығая түсуіне ықпал етіп, жаңа белестерді бағындыруымызға жол ашады деп сенемін. Баршаңызға зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс, әр шаңыраққа шаттық пен бақ-береке тілеймін!» деген Назарбаев.

Қазақстанның әр аймағында бүгін халық бірлігі күніне арналған мерекелік шаралар өтіп жатыр. Бұл күн Қазақстанда демалыс болып жарияланған.

XS
SM
MD
LG