Түркияның Стамбул қаласында 1 мамыр күні шеруге қатысқан адамдар полициямен қақтығысып қалды. 200-дей адам қала орталығындағы Таксим алаңына өтпек болған.
Қала билігі бұқаралық шараларға тыйым салып, полиция алаңды қоршап тұрған. Полиция шерушілерге жас ағызатын газ шашып, бірнеше адам жараланды, ондаған адам тұтқындалды.
AFP агенттігі дерегінше, шерушілер үкіметке қарсы ұрандар жазған плакаттарын көтермек болған. Олар президент Режеп Тайып Ердоғанның өкілетін күшейткен конституциялық өзгерістерге наразы болған.