Accessibility links

БҰҰ Шешенстандағы ЛГБТ-ның жағдайын тексеруді талап етті


Полицей шеруге шыққан ЛГБТ өкілдерінің шарасын тоқтатқалы кетіп барады. Мәскеу, 30 мамыр 2015 жыл. (Көрнекі сурет)
Полицей шеруге шыққан ЛГБТ өкілдерінің шарасын тоқтатқалы кетіп барады. Мәскеу, 30 мамыр 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

БҰҰ Шешенстандағы ЛГБТ (лесби, гей, бисексуал, трансгендер) қауымының жағдайын мұқият тексеруді талап етті. Ұйымның адам құқығы жөніндегі жоғары комиисары Зейд аль-Хусейн бүгін Женевада өткен баспасөз жиынында БҰҰ-ның бұл жағдайды бақылайтынын айтты.

Биыл сәуірде ресейлік "Новая газета" басылымы Шешенстанда гейлер қуғындалып жатқаны жайлы зерттеу жариялаған. Басылым дерегінше, ол аймақта осындай адамдарды заңсыз бас еркінен айырып, азаптап, өлтіріп жатыр.

Азаттықтың Орыс қызметі Шешенстандағы гомосексуализмге қатысты күдікке ілінген адамдар қамалған Цоци-Юрт ауылы түрмесі жайлы репортаж жасаған.

XS
SM
MD
LG