Парижде Бірінші мамыр мерекесін атап өту кезінде кәсіподақтардың шеруінде тәртіпсіздіктер болды. BFM TV телеарнасының хабарлауынша, бетперде киген агрессиялық көңіл-күйдегі демонстранттар полицияға тас және жанғыш сұйықтық құйылған шөлмектер лақтырып, екі полиция қызметкері жараланды.
Полиция демонстранттарға қарсы көзден жас ағызатын газ қолданып, 150-ге тарта адамды қоршады. Кәсіподақтар маршы уақытша тоқтатылды.
Францияда бірнеше күннен соң президент сайлауының екінші кезеңі өтеді. Сайлауда әсіре оңшыл Марин Ле Пен мен өзін-өзі ұсынған центрист Эммануэль Макрон бәсекеге түседі. Қоғамдық сауалнама қорытындысы бойынша, сайлауда Макрон жеңуі мүмкін.