Accessibility links

Трамп: Ким Чен Ынмен кездесу мен үшін "құрмет" болар еді


Дональд Трамп, АҚШ президенті.
Дональд Трамп, АҚШ президенті.

АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ынмен "қолайлы жағдайда" кездесу өзі үшін "құрмет болатынын" мәлімдеді. "Егер онымен кездесу мүмкін болса, мен дайынмын, мен үшін ол үлкен құрмет" деді Трамп Bloomberg агенттігіне. "Барлығы жағдайға байланысты, дегенмен мен кездесуге келісер едім" деді Трамп. Ол сонымен қатар "Көпшілігі ешқашан бұлай деп айтпас еді, бірақ қолайлы жағдайда онымен кездескен болар едім" деді.

Дегенмен бұған дейін Ақ үй Дональд Трамптың Ким Чен Ынмен кездесуге дайын екендігіне қарамастан қазір кездесу ұйымдастыруға оңтайлы жағдай жоғын мәлімдеген. АҚШ президенті әкімшілігінің баспасөз хатшысы Шон Спайсердің сөзіне қарағанда, ол мұндай кездесу жақын уақытта болады деп ойламайды. Спайсер сонымен қатар Солтүстік Корея басшысы алдымен "өз еркін" білдіруі қажет екенін де айтты.

Соңғы уақытта Пхеньянның ядролық бағдарламасы мен зымыран сынауына байланысты АҚШ пен Солтүстік Кореяның қарым-қатынасы шиеленісіп кеткен. Трамп әкімшілігі Вашингтонның Солтүстік Кореяға қарсы іс-қимыл мәселесінде кез-келген әдісті қолдануға ерікті екенін айтқан.

XS
SM
MD
LG