Accessibility links

HRW: Сирия үкіметі өткен желтоқсаннан бері 4 рет химиялық қару қолданған


Хан Шейхун қаласындағы химиялық қару қолданылған шабуылдан зардап шеккен сириялықтар. Сирия, 4 сәуір 2017 жыл.
Хан Шейхун қаласындағы химиялық қару қолданылған шабуылдан зардап шеккен сириялықтар. Сирия, 4 сәуір 2017 жыл.

Human Rights Watch (HRW) халықаралық құқық қорғау ұйымының мәлімдеуінше, Сирия үкіметі 2016 жылдың желтоқсанынан бері химиялық шабуылдар кезінде, оның ішінде 4 сәуірде Хан Шейхун қаласында 100-ге тарта адам қаза тапқан шабуылда төрт рет жүйкені зақымдайтын газ қолданған. Ұйымның 1 мамырда жариялаған жаңа есебінде бұл шабуылдың "үкімет күштерінің бірнеше рет жасаған химиялық қару шабуылдарының бір бөлігі ғана" екені және оның адамзатқа қарсы қылмыс жасау болып саналатыны айтылады.

"Үкімет күштерінің жүйкені зақымдайтын газ қолдануы - жағдайдың қырғынға апарып соқтыратындай деңгейде шиеленіскенінің көрінісі" деді HRW-дың атқарушы директоры Кеннет Рот. Ұйым кейбір жерлерде жасалған шабуылдарды зерттей алмағанын, бірақ 60-тан астам куәгерден жауап алып, жергілікті тұрғындар жолдаған және интернетте жарияланған суреттер мен бейне жазбаларды талдағанын айтады.

XS
SM
MD
LG