Accessibility links

АҚШ Еуропада шабуылдар жасалу қаупі барын тағы ескертті


Париждегі Елисей алаңында тұрған қарулы полицей (Көрнекі сурет).
Париждегі Елисей алаңында тұрған қарулы полицей (Көрнекі сурет).

АҚШ мемлекеттік департаменті америкалықтарды Еуропаға сапарлағанда бұл құрлықта террорлық шабуылдар жасалу қаупі әлі барын ескеруге шақырды. Мемлекеттік департамент 1 мамырда таратқан ескертпесінде таяуда Франция, Ресей, Швеция және Ұлыбританияда болған шабуылдарды меңзеп, "Ислам мемлекеті" (ИМ) мен "Әл-Қаида" экстремистік ұйымдарының "Еуропада террорлық шабуылдарды жоспарлап, жасай алатын мүмкіндігі барын" айтады.

Еуропаға баратындар үшін қысқы демалыс қарсаңында жарияланған ескертпенің мерзімі ақпан айында аяқталған. Мемлекеттік департамент өкілі соңғы ескертудің қандай да бір қауіптен жасалмағанын және жазғы демалыс қарсаңында шабуыл жасау қаупі сақталып отырғанын айтады. Бұл ескертудің мерзімі 1 қыркүйекте аяқталады. АҚШ мемлекеттік департаменті шабуыл жасалуы мүмкін нысандар арасында сауда орталықтары, үкімет мекемелері, қонақүйлер, клубтар, мейрамханалар, діни ғибадат және құлшылық жасау орындары, парктер, әуежайлар мен басқа да адам көп жиналатын орындар барын айтады.

XS
SM
MD
LG