Accessibility links

Еуропа соты: "Азаптады" деп шағымданған үш ресейлікке өтемақы төленсін


Страсбургтегі Адам құқығы жөніндегі Еуропа соты.
Страсбургтегі Адам құқығы жөніндегі Еуропа соты.

Страсбургтегі Еуропаның адам құқығы жөніндегі соты бүгін полиция бөлімінде азаптауға ұшырадық деп шағымданған ресейлік үш азаматқа 95 мың еуро өндіртіп беру туралы шешім шығарды. Сот ресейлік Александр Олисов, Никита Данишкин мен Юрий Зонтовқа қатысты Адам құқығы жөніндегі Еуропа конвенциясының азаптауға тыйым салатын бабы бойынша заң бұзылды деп тапқан. Адам құқығы жөніндегі Еуропа соты бұған қоса Ресей билігі ұсталғандарға зорлық зомбылық көрсетілгені туралы шағым бойынша толық тергеу жүргізбеді дейді.

Олисов, Данишкин және Зонтов Страсбургтегі сотқа 2009-2014 жылдары шағымданған. Олар полиция қызметкерлері өздерін қылмыс жасағандарын мойындату үшін азаптап, қол-аяқтарын байлап, қылқындырды дейді. Полиция Нижегородск облысынан шыққан Никита Данишкиннен "теракт жасауға дайындалғанын" мойындатпақ болған.

XS
SM
MD
LG