Accessibility links

Путин мен Трамп телефонмен сөйлесті


АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин.
АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин.

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин телефонмен сөйлесіп, Сириядағы қақтығысты талқылады. Трамп Путинмен қаңтарда президент қызметіне кіріскелі бері телефонмен үшінші рет, ал АҚШ Сирияда бейбіт тұрғындарға қарсы химиялық қару қолданылған шабуылға жауап ретінде Сириядағы әуе базасын зымыранмен атқылағаннан бері бірінші рет сөйлесіп отыр.

Ақ үй екі ел басшысы Сириядағы соғысты, "Таяу Шығыста терроризмді жоюдағы бірлескен жұмыстарды" және "Солтүстік Кореядағы қауіпті жағдайды реттеудің ең жақсы жолдарын" талқылағанын хабарлады. Трамп әкімшілігі сонымен бірге Вашингтон 3-4 мамырда Астанада өтетін Сирия жөніндегі келіссөзге өкілін жіберетінін де хабарлады.

Кремльдің мәлімдемесінде президенттер Сириядағы қақтығысты тоқтату үшін АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге келіскені айтылады. Кремльдің ақпараты бойынша, Путин мен Трамп 7-8 шілдеде Гамбургте өтетін "Үлкен жиырмалық" елдерінің саммитінде жеке кездесу идеясын қолдаған.

XS
SM
MD
LG