Accessibility links

Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жер сілкінді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Шымкентте бүгін жергілікті уақытпен сағат 10:50 шамасында жер сілкінісінің дүмпуі сезілді.

Сейсмология институтының өкілі Әнуар Бигалиевтің Азаттыққа айтуынша, бүгін Астана уақыты бойынша сағат 10:47-де Алматыдан оңтүстікке қарай 613 километр қашықтағы Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің қуаты 6,3 магнитуданы құрады. "Жер сілкінісі Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасымен бірге Алматы облысында, Жамбыл облысының Меркі ауданында және Оңтүстік Қазақстан облысында сезілді. Алматыда дүмпу қуаты 2 балл шамасында, Меркі мен Оңтүстік Қазақстан облысында 3-4 балл шамасында сезілді" дейді ол.

XS
SM
MD
LG