Accessibility links

Ұлыбритания парламенті сайлауға дейін жұмысын тоқтатты


Ұлыбритания парламенті үстінде тұрған ту. Лондон, 3 мамыр 2017 жыл.
Ұлыбритания парламенті үстінде тұрған ту. Лондон, 3 мамыр 2017 жыл.

Ұлыбритания парламенті 3 мамырға қараған түні 8 маусымға белгіленген мерзімінен бұрын сайлауға байланысты жұмысын тоқтатты. Ұлыбритания заңдары бойынша, парламент сайлауға 25 күн қалғанға дейінгі мерзімде жұмысын толық тоқтатады, ал палата мүшелері депутаттық мәртебесінен айырылады. Депутаттарға Вестминистер сарайындағы жұмыс орындарын босатуы үшін бірнеше күн уақыт беріледі.

3 мамырда Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй патшайым екінші Елизаветаға кіріп, оған парламенттің таратылып, сайлау кампаниясы басталғаны туралы хабарлайды.

18 сәуірде Мэй парламенттен елде мерзімінен бұрын парламент сайлауын жариялауды сұраған. Мэй мерзімінен үш жыл бұрын сайлау өткізу Ұлыбритания Еуропа Одағынан (ЕО) шағу процесін бастаған кезде елде тұрақтылықты сақтау қажеттігінен туындады деп түсіндірген. Консерваторлар жетекшісі Тереза Мэй сайлау қорытындысы бойынша позициясын нығайтып алудан үміттенеді.

2016 жылы жазда британдықтар ЕО-дан шығуды қолдап дауыс берген. ЕО-ға 1973 жылы қосылған Ұлыбритания одақтан шығатын алғашқы ел болмақ.

XS
SM
MD
LG