Accessibility links

Симферопольде журналист Семенаның үстінен сот жалғасады


Журналист Николай Семена.

Бүгін Симферопольде Азаттықтың Украин редакциясының "Крым.Реалии" жобасы авторларының бірі, Қырымда тұратын Николай Семенаның соты басталмақ. Семенаға сепаратизм бойынша айып тағылған.

Егер Семена айыпты деп танылса, онда ол бес жылға дейін сотталуы мүмкін. Ресейде 2014 жылы Украинадан Қырым түбегін тартып алуға қарсы шыққан немесе сынаған түбектің бірнеше тұрғыны сотталған. Журналиске "Ресей федерациясының территориялық тұтастығын бұзуға шақыратын" мақаласы үшін айып тағылған. Тергеу қорытындысы бойынша, Николай Семена Киевтің Қырымға блокада салғаны туралы мақаласында Ресей заңын бұзған. "Ресей жерінің тұтастығын бұзуға шақырды" деген айыптауға Қырымды Украинаға қайтару туралы пікір ілік болған.

Федералдық тергеу қызметіне берген жауабында Николай Семена өз материалдарында "ой-пікірін еркін білдіру" құқығын пайдаланғанын айтқан.

Семенаның үстінен қылмыстық істі былтыр көктемде қозғаған, журналистке түбектен кетуге тыйым салынған. Іс бойынша алдын ала сот отырысы ақпанның соңында өткен. Ол жолы қорғаушылар лингвистикалық сараптама қорытындысымен келіспей, уәждерін айтқан.

АҚШ, Еуропа Одағы, құқық қорғаушылары мен журналистердің халықаралық ұйымдары Ресейді журналист Николай Семенаны қуғындауды тоқтатуға және Қырымдағы саяси тұтқындардың бәрін босатуға шақырған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG