Accessibility links

Ле Пен мен Макрон соңғы рет дебат өткізді


Франция президенттігіне кандидаттар Эммануиль Макрон (сол жақта) мен Марин Ле Пен.

Францияда президент сайлауына кандидаттар - әсіре оңшыл Марин Ле Пен мен центрист Эммануиль Макрон ұлттық экономиканы көтеру және халықты жұмыспен қамту көрсеткішін көтеру мәселелері бойынша дебат өткізді. Саясаткерлер дебатта бір-бірінің экономика мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты стратегияларын ашық сынады. Кандидаттар 7 мамырда болатын президент сайлауының екінші кезеңі қарсаңында соңғы рет жүзбе жүз кездесті.

Еуропа Одағына (ЕО) қарсы Ле Пен Макронның қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында жоспары жоғын мәлімдеді. Ол сонымен бірге Макронды "ислам фундаментализмін құптайды" деп, оны "исламшыл радикалдармен байланыста болуы мүмкін" деп жорамалдады.

Бұрынғы экономика министрі әрі банкир Макрон дебатта Ле Пеннің Францияның шекарасын жабу туралы үндеулерін "уытты жоспар" деп атап, мұндай саясаттың "экстремистер аңсайтын азаматтық соғысқа әкеліп соқтыратынын" мәлімдеді.

Дебатта Ле Пен Франциядағы жұмыссыздықты 10 пайыздық деңгейге дейін түсіру үшін "радикалды өзгерістер жасап", "күшті заңдар қабылдау" керегін айтты. Макрон бұған жауап ретінде қарсыласының өзі ұсынған реформаларын қалай қаржыландыратыны туралы жоспары жоғын мәлімдеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG