Accessibility links

Министрлік оқушыларға берілетін үй тапсырмасын азайтуды ұсынды


Мектептегі сабақ кезі (Көрнекі сурет).
Мектептегі сабақ кезі (Көрнекі сурет).

Қазақстан білім және ғылым министрлігі оқушыларға берілетін үй тапсырмасының көлемін азайтуға қатысты ұсыныстарын бекітті. ҚазАқпараттың хабарлауынша, 24 сәуірде білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мектепте оқушыларға берілетін үй тапсырмасын ұйымдастыру мен орындауға қатысты методикалық ұсыныстарды бекіткен.

"Методикалық ұсыныстар оқушыларға сабақ жүктемесін азайтып, олардың өздігінен жұмыс істеу мотивациясын, жалпы алғанда үлгерім сапасын арттыруға әсер ететін тәсіл болады деп үміттенеміз" делінген министрлік мәлімдемесінде.

Ведомство республикада оқушыларға берілетін үй тапсырмасының көлемін белгілейтін методикасы бар құжат министрлік деңгейінде бірінші рет қабылданып отырғанын айтады. Мамандар дайындаған ұсыныстарды барлық ведомстволық мекемелер жан-жақты талқылап, мектептерде ресми сайт арқылы дауысқа салынған.

XS
SM
MD
LG