Accessibility links

Бақылаушылар: Ауғанстанда 2016 жылы БАҚ-тың 14 қызметкері қаза тапты


Герат уәлаятында радиода жұмыс істеп отырған ауғандық журналист әйел (Көрнекі сурет).
Герат уәлаятында радиода жұмыс істеп отырған ауғандық журналист әйел (Көрнекі сурет).

Ауғандық NAI тәуелсіз бақылау ұйымының мәліметінше, 2016 жылы Ауғанстанда ақпарат құралдарының кем дегенде 14 қызметкері қаза тапқан. Азаттықтың Ауған редакциясының хабарлауынша, өткен жылы БАҚ өкілдеріне қатысты 415-тен астам зорлық оқиғасы, оның ішінде кісі өлтіру, қуғындау, тұтқындау, азаптау тіркелген. NAI ұйымы ол оқиғалардың 326-сына "Талибан" қозғалысы, 63-іне ел билігі жауапты екенін айтады.

Бақылаушылардың ақпаратына қарағанда, өткен жылы журналистер мен БАҚ қызметкерлеріне қарсы жасалған қылмыс саны үш есеге артқан және ол көбейіп келеді. Бірқатар журналист талибтер өткен жылы басып алған территориялардан кетуге мәжбүр болған. Соңғы он жылда Ауғанстанда қаржы тапшылығынан кем дегенде 10 телеарна мен радио жабылған. Журналистерді қорғау комитеті (Committee to Protect Journalists) Ауғанстанды әлемде БАҚ қызметкерлеріне төнетін қауіп деңгейі бойынша 12-орынға қойған.

XS
SM
MD
LG