Accessibility links

Ассоциация: Утилизацияға 14 мыңнан астам тозығы жеткен көлік тапсырылды


Көлік қаңқалары жиналатын орын. Алматы облысы, Қарасай ауданы. 1 мамыр, 2017 жыл (Көрнекі сурет).
Көлік қаңқалары жиналатын орын. Алматы облысы, Қарасай ауданы. 1 мамыр, 2017 жыл (Көрнекі сурет).

Қазақстанда тозығы жеткен көліктерді жою (утилизация) бағдарламасы күшіне енген 2016 жылдың 21 қарашасынан бастап 14 мыңнан астам ескі көлік өткізілді. Қазақстан автобизнес ассоциациясының мәліметі бойынша, тұрғындар 25 сәуірге дейін утилизацияға 14 мың 322 ескі көлік өткізген. Утилизацияға өткізілген көліктердің дені - "Лада", "Москвич", "Волга" сияқты ресейлік көліктер.

Тозған көліктер ең көп тапсырылған қалалар - Шымкент (1897 көлік), Талдықорған (1163 көлік), Алматы (989 көлік) болған. Утилизацияға тапсырылған көліктердің басым бөлігі 25-30 жыл жүрілген.

Қазақстанда ескі көліктерді қабылдау жұмысын атқаратын өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері операторының ("Оператор РОП") мәліметінше, жүріп тұрған көлікке 150 мың теңге, кейбір қосалқы бөлшектері жоқ көлікке 48 мың теңге шамасында өтемақы берілмек. Алайда кейбір ескі көлік иелері өтемақы мөлшеріне көңілі толмайтынын айтады.

XS
SM
MD
LG