Accessibility links

Қырғызстан МҰҚК: Сирияға кеткен әйел елге қайтарылды


Қырғызстан МҰҚК қызметкері (Көрнекі сурет).
Қырғызстан МҰҚК қызметкері (Көрнекі сурет).

Сирияға кеткен Қырғызстан азаматы еліне оралды деп хабарлады Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетіне (МҰҚК) сілтеме жасаған Азаттықтың Қырғыз редакциясы. Арнайы қызметтің ақпаратына қарағанда, Баткен облысынан шыққан 1989 жылы туған И.Г есімді әйел баласымен бірге туыстарына тапсырылған.

МҰҚК-нің хабарлауынша, әйелді Қырғызстанға 29 сәуірде "Қырғызстан азаматтарының Сириядағы соғыс қимылдарына қатысуының алдын алу жөніндегі терроризмге қарсы іс-қимыл" аясында қайтарған.

Арнайы қызмет И.Г-ні халықаралық террористік ұйым өкілдері еліктіріп, Сирияға жіберу үшін Түркияға жөнелткен.

Қырғызстан мен Орталық Азияның өзге де елдерінің билігі соңғы жылдары Сиряи мен Ирактағы экстремистік топтарға жүздеген азаматы қосылғанын айтады.

XS
SM
MD
LG