Accessibility links

Асқар Мәмин Ашғабадта Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті


Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мәмин (сол жақта) Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесіп отыр. Ашғабад, 3 мамыр 2017 жыл.
Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мәмин (сол жақта) Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесіп отыр. Ашғабад, 3 мамыр 2017 жыл.

Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мәмин Ашғабадта Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесіп, екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстар бойынша ынтымақтастықты талқылады.

Қазақстан үкіметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мәмин Түркіменстанда экономика, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық бойынша қазақстан-түркіменстан үкіметаралық комиссиясының 9-отырысына қатысқан.

Тараптар екі елдің ортақ шекарасы және транспорт инфрақұрылымы барын айтып, Қазақстан мен Түркіменстан арасында өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік зор екенін және екі жақты сауданы арттыруға бірлесе күш салу қажетін білдірген.

Ресми мәлімет бойынша, 2016 жылы Қазақстанның Түркіменстанмен тауар айналымы 2015 жылмен салыстырғанда 59 пайызға артып, 283,5 миллион долларды құраған.

XS
SM
MD
LG