Accessibility links

Астана: Сирия келіссөзі екі және үш тарапты кездесу түрінде өтіп жатыр


Әнуар Жайнақов, Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы.
Әнуар Жайнақов, Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы.

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов бүгін Сирия бейбіт келіссөзі екі жақты және үш жақты форматта жалғасып жатқанын хабарлады. Бірақ ол Сирия оппозициясы делегациясының келіссөзге оралуына қатысты комментарий бере алмайтынын, алдын ала мәліметі бойынша сағат 16-да пленарлық отырыс өтетінін және оған "барлық делегация қатысатынын" айтты.

Сирия оппозициясының делегациясы кеше келіссөздің алғашқы күні "Сирияда бейбіт халыққа қарсы үкімет әскерінің әуе шабуылдары тоқтағанға дейін келіссөзге қатысудан тартынатыны" хабарланған еді. Қазақстан сыртқы істер министрлігінің Азия және Африка департаментінің бастығы Айдарбек Тұматаев оппозиция делегациясы кеше "келіссөзді тастап шықпағанын", "келіссөздің алғашқы күніндегі өзіне тиісті процесті аяқтағанын және бүгінгі пленарлық отырысқа қатысатынын" хабарлаған.

Астанадағы Сирия бейбіт келіссөзі 3 мамырда түсте басталған. Бүгін келіссөздің қорытынды баспасөз конференциясы болады деп жоспарланған.

XS
SM
MD
LG